"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Аңдатпа

Мұрағат

Опрос

Сіз жасанды интеллекті қаншалықты білесіз?

Жаңалықтар

18 Наурыз 2015

«Ұлттық салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын білеміз пе?»


2015 жылдың 15 наурызында №3 кітапхана-филиалында  «Ұлттық салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын білеміз пе?» атты  викторина ұйымдастырылды.

Мақсаты: Қазақ халқының қанына сіңген ізгі адамгершілік қасиеттерінің халықтың салт-дәстүрлерімен сабақтастығын түсіндіру, халық әндерін, мақал-мәтелдерін үйрету. Имандылық, инабаттылық, ізеттілік қасиеттерін қалыптастыру. Оқушыларға қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрпының тәрбиелік мәнін ұғындыру, баланың бойына адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, халық өнегесін үйрету болды.

Ісшараға  №7 мектеп-гимназиясының 7 сынып оқушылары ат салысты. Оқушылар  қазақ халқының салт-дәстүрлері, ұлттық тағамдары мен киім түрлері, киіз үй жабдықтары жайында дайындалған викториналық сұрақтарға  жауап беріп, өз білімдерін ортаға салды. Кітап көрмесімен танысып, өздеріне ұнаған кітаптарын жаздырып алды.

 

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика