17 Наурыз 2015
Қазақ хандығының 550 жылдығын мерекелеу аясында С.Сейфуллин атындағы орталық қалалық кітапханада «Біздің тарихымыздың бастауы» атты тарихи саяхат болып өтті.
Шараның мақсаты: өсіп келе жатқан жас ұрпаққа тарихи және патриоттық рух беру, Отанға деген сүйіспеншіліктерін, еліміздің тарихи бастауларына қызығушылықтарын арттыру.
№1 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиет пәні оқытушысы Джолдасова Дина Тұрсынқызының жетекшілігімен қазақша қойған көркем қойылымды тамашалаған №9 және №10 орта мектеп оқушылары жүргізушілермен бірге жаңа елдің, жаңа мемлекеттің пайда болуына байланысты, өткенге саяхат жасады. Қойылымда Керей мен Жәнібек Әбілқайыр хандығынан бөлініп шығып, Қазақ хандығының құрылуына басты қадам жасағаны туралы көрініс көрсетілді. №1 орта мектептің тарих пән оқытушысы Студенок И.В. қазақ хандығының құрылуы туралы әңгімелеп берді. Кеш барысында ән мен би қойылып, слайд және видео материалдары көрсетілді.


