12 Наурыз 2015
Күләш Байсейтованың 103-жылдығын атап өтуіне байланысты 11 наурызда №1 кітапхана-филиалында «Қазақ Гәккуі – Күләш!» атты өнер сағаты өтті. Мақсаты: Күләш Байсеитованың шығармашылығымен, қазақ халқының мәдени мұрасы мен асыл қазынасымен таныстыру.
№16 орта мектебінің оқушылары кітапханашы А.Тлеуберлинаның қазақтың бұлбұл әншісі К.Байсеитованың өмірлік жолы мен шығармашылығы, табиғи музыкалық дарыны жайлы әңгімесін ерекше ынтамен тыңдады. Ол қазақ опера өнерінің негізін салушылардың бірі. Ұлы Отан соғысы жылдарында халық әртісі майданға шықты. Жоғары орындаушылық мәнері үшін КСРО мемлекет сыйлығының иегері атағын берген. Музыкалық сағатта өлеңдері және әндері қойылды, слайд көрсетілді. Оқушылар викторинаға белсене қатысты. Соңында әдебиеттерге шолу жасалынды.
