07 Ақпан 2015
2015 жылдың 6 ақпанында С.Сейфуллин атындағы орталық қалалық кітапханада кітапхана қызметкерлеріне арналған «Кітап қорын зерттеу» атты практикум өткізілді. Кітап қорын іріктеу және толықтыру бөлімінің меңгерушісі Е.О.Жоржик практикум сабағын жүргізгенде өз сөзінде кітапханашылар әр бөлімде қандай әдебиеттер бар екенін, оқырмандардың тапсырыстарын, талдау әдістемелерін, кітап қорын зерттеуде міндеттер мен бағыттарын білу керек екендігін айтты. Практикумда әдістемелік кеңес беріліп, көптеген сұрақтарға жауап берілді.