27 Қаңтар 2015
Биылғы жыл мемлекеттік мерейтойларға толы жыл. Соның бірі- елімізде алғаш рет Қазақстан Республикасы Президентінің бастамасымен аталып өтетін Қазақ Хандығының - 550 жылдығы. «Өз тарихын білмеген халық, өзін де сыйламайды» деп Елбасымыз айтқандай тарихты білу баршамыздың парызымыз екендігін келешек ұрпаққа ұғындырып, түсіндіру әр кітапханашының міндеті. Қазақ хандығы мен қазақ халқының тарихын жас жеткіншектерге жеткізіп, туған жеріне, атамекеніне деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатымен Орталық қалалық балалар кітапханасында ұйымдастырылған «Қазақ Хандығына -550 жыл» атты кітап көрмесіне шолу жасалды. Кітапханашы оқушыларды кітап көрмедегі қазақ Хандығынының құрылуымен Тәуелсіз Қазақстанның бүгінге дейінгі тарихынан, өмір-салтынан, тұрмыс-тіршілігінен, әдебиеті мен мәдениетінен мол ақпарат беретін кітаптармен таныстырды. Сонымен қатар көрмеде ұсынылған 30-дан астам кітап және мерзімді басылым материалдардан мол мағлұмат алып, өз білімдерін толықтырды.