27 Қаңтар 2015
Өлкеміздегі ақын қазақ әдебиетінің шығармашылық мәртебесін көркейтіп, өз жолында саналы өмірін түгелдей руханиятқа арнаған, біздің қаламыздың, ондаған жылдар бойы қасиетті өлең өлкесіне із салып, туған елінің тілін, тіршілігін жырына арқау етіп келген белгілі қаламгер, ақын Әбіл Кәріппайтегі Жұмақожаұлының 70 жас мерейтойына арналған «Тілімдей тәтті тірлік, Тәуелсіздік!» атты поэзия кеші 2015 жылдың 23 қаңтарында М.Хамзин атындағы мәдениет сарайында өткізілді.
Бұл шараның мақсаты: белгілі қаламгер, ақын Әбіл Кәріппайтегі Жұмақожаұлының өлеңдерін, жырларын жас ұрпаққа насихаттап, еліне, туған өлкеге деген сүйіспеншілігін арттыру.
Кешке қала басшылығы, қаламдас достары, құрдастары, колледж студенттері және Алматы, Астана, Қарағанды қаласынан келген ақын-жазушылар қатысты.
Кеш барысында акын өзінің өлеңдерін оқып, жыр кұмар қауымға өзгеше әсер, өзіндік лаззат шуағын сыйлады. Кешке келген қонақтарға сөз беріліп, өзіндік қолтаңбасымен қазақы сөзбояуымен шеберлігімен ерекшеленетін ақынға ыстық лебізін білдірді.
Ісшарада ақынның жаңа шыққан кітабы таныстырылып, слайд көрсетіліп, көрме ұйымдастырылды.