"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Аңдатпа

Мұрағат

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жаңалықтар

20 Қаңтар 2015

Осыдан 550 жыл бұрын Алтайдан Атырауға дейін, Алатаудан Қызылжар


Осыдан 550 жыл бұрын Алтайдан Атырауға дейін, Алатаудан Қызылжар аралығында атақты Қазақ хандығы құрылды. Ұлан байтақ өңірді мекендеген қазақ тайпаларының басын қосып, шоғырландырылған, қазақтың ұлы хандары болатын. Осы және басқа да мәліметтер жайлы №1 кітапхана – филиалында ұйымдастырылған «Қазақ хандығының құрылуы және нығаюы» атты кітап көрмесіндегі әдебиеттерден оқи аламыз. Көркем суретті энциклопедиялық басылымдар, еліміздің тарихын, елді басқарған ұлы тұлғалар жайлы хабардар береді.

    Сондай – ақ «Знаменитые люди Востока» атты басылым сериясына айрықша назар аударуға болады. Онда, қазақ халқының өзіндік ерекшелігі ғана емес, сонымен қатар еліміздің тарихына елеулі өзгеріс әкелген, көрнекті тұлғалар болмысы суреттелген.

   «Чингис-хан» - балалар мен үлкендерге арналған, орыс, қазақ тіліндегі әдемі иллюстрацияланған кітап. Онда, әлем тарихында теңдесі жоқ ірі тұлға, қолбасшы, тарих қайраткері Шыңғыс хан туралы жазылған.

   «Касым хан» - қазақ халқының төртінші ханы, дипломат, қолбасшы Қасым ханның өмірі мен қызметі жайлы ақпарат беретін, иллюстрацияланған кітап.

    Қайрат Бегалиннің «Ханы Золотой Орды» кітабы білімқұмар оқырмандарға арналған. Бұл кітапта, басқа жазушылар еңбектерінде кездеспейтін қазақ хандарының басқару мерзімдерін нақты, толық деректерін алуға болады.

 

  

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика