20 Қаңтар 2015
2015 жылдың 17 қаңтарында атақты қазақ жазушысы, тарихшы І.Есенберлиннің туылғанына 110 жыл толуына байланысты №1 кітапхана-филиалында «Знаток кочевой цивилизации» атты ақпарат күні өткізілді. Оқырмандар жазушының өміріндегі елеулі оқиғалар мен шығармалары: "Кочевники", "Золотая орда", «Опасная переправа», «Скифские миражи» атты романдарымен танысты.
І.Есенберлин шығармашылығы тек қазақ халқының тарихи бай қазынасы ғана емес, сонымен қатар бүкіл әлемдік тарихи әдебиеттен айрықша орын алады. Жазушы, көшпенділер тарихын қайта парақтап, қазақ тарихына үлкен үлес қосты. Іс-шара, оқырмандарға шығармаларын өмірімен ұштастыра білген жазушының қиын тағдырын тереңнен түсініп, жан-дүниесіне үңілуге мүмкіндік берді.
Жазушының 110 жылдығына орай "Моя душа с душой народа слита" атты кітап көрмесі рәсімделіп, романдарынан орыс, қазақ тілінде үзінділер оқылды.