22 Желтоқсан 2014
Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 25 жыл толуына байланысты 20 желтоқсан күні №1 кітапхана-филиалында «Афганистан - наша память и боль» атты әдебиеттерге шолу болып өтті.
Мақсаты: ұлтжандылыққа, азаматтылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Өскелең ұрпақ назарына Ауған мемлекеті жайлы, сол сұрапыл соғыс жайлы, балаларынан айрылған аналардың жүрегінде жазылмас жара болған, қиын қыстау күндер жайлы жазылған көптеген кітаптар ұсынылды. Жауынгерлердің бейнесі тарихшылардың еңбегінде, жазушылардың әңгімелерінде, ақындардың өлеңдерінде және ескерткіш мәрмәр, гранит тастарының беттеріне мәңгі қала бермек. Ел үшін етігімен қан кешкен жауынгерлер қашанда құрметке лайық. Олардың ерлігі жас ұрпақ үшін үлгі – өнеге.