11 Желтоқсан 2014
Тәуелсіздік – ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана еліміз әлемнің өркенниетті мемлекеттерінің қатарына қосылды. Бұл мереке еліміздің үш жүз жылға созылған ұлт еркіндігіне қайта қол жеткізген қазақ елінің киелі табысы. Жас жеткіншектердің желтоқсан құрбандарын мәңгі есте сақтау: жас ұрпақ бойына еліне, жеріне, ұлтына деген патриоттық сезімін қалыптастыруды мақсат еткен «Тәуелсіздік - ұланымыз. Тәуелсіздік – ұранымыз» атты көрме А.Гайдар атындағы орталық қалалық балалар кітапханасында ұйымдастырылды.
Сонау көне заманнан осы күнге дейінгі Қазақстан тарихынан хабардар беретін бес бөлімнен тұратын көрмедегі шаңыраққа ілінген ленталардың бойында жазылған бөлім атаулары уық іспеттес рәсімделген.
Олар:
1. Тәуелсіздік – ел тірегі
2. Тарих қойнауынан
3. Отаным – алтын бесігім
4. Тарихи тұлғалар
5. Әлем таныған Қазақстан.
Күні бойы сол заманның шынайы оқиғалары көрсетілген «Желтоқсан желі» атты бейнефильм келген оқырмандардың назарына ұсынылды.