11 Желтоқсан 2014
№4 кітапхана-филиалында 9-16 желтоқсан аралығында көпшілікке арналған «Ұлттық рух шыңы - желтоқсан» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Елінің тағдыры мен болашағы үшін алаңға ақ пейілмен шығып, саяси сауаттылық, адамгершілік пен адалдықты, бостандықты талап еткен жазықсыз қаны төгілген қазақ жастарының ерлігін насихаттап, құрметтеуге тәрбиелеуді мақсат еткен. Көрмеге айтары мен тарих бетіне терең үңілуге ден қойдыртатын материалдар жиынтығы және өңірдегі ортамызда жүрген желтоқсан жаңғырығын көздерімен көрген саяси желеудің ызғарын бастарынан өткізген Ж.Исбеков т.б. туралы айтылған кітаптар мен материалдар көптеп қойылып, қалың оқырман танысуда.