09 Желтоқсан 2014
4 желтоқсан №5 балалар кітапхана-филиалында қазақтың белгілі ақын қыздарының бірі Фариза Оңғарсынованың 75 жылдық мерейтойына арналған «Жыр менің жалғыз тарланым» атты поэзия кеші болып өтті. Бүгінде Фаризаны білмейтін оқырман кемде-кем. Ақынның мерейтойына қатысқан балалар жазған жырларын жатқа айтып берді. Соның бірі «Маңғыстау монологтары» ақынның отыз жасындағы қолтаңбасы. Содан бері «Мазасыз шақ», «Мен сенің жүрегіңдемін», «Шілде», «Сенің махаббатың», «Дауа» сияқты кітаптары жарық көрді. Бұл кеште балалар Фариза ақынның халқына ұсынған өр мінезді жырларын, осы еңбектерінде жазған өлеңдері арқылы дәлелдеп берді.