04 Желтоқсан 2014
2014 жылдың 28 қарашасында елімен бірге талай қиыншылықты көріп, батыл қадамдар арқылы елімізді дүниежүзіне әйгілі мемелекет ретінде танытып отырған, атамекен топырағын жоңғарларға таптатпай азат еткен батыр, шешен Ер Жәнібек Бердәулетұлының 300 жылдық мерейтойы аясында «Ер Жәнібек Бердәулетұлы: Тарихи жырлар мен аңыздар», «Ел ұраны - Ер Жәнібек» және «Ақыр Жәнібек» атты кітаптардың «Еліне ұран болған Ер Жәнібек» тұсаукесер кеші өткізілді. Аталмыш шараға Астанадан ҚР еңбек сіңірген қайраткері, тарих ғылымының докторы, профессор академик, Республикалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Өмірзақ Озғанбаев, Қарағанды облысы ардагерлер кеңесінің төрағасы Төреғожин Оралды Тұрсынұлы, Ер Жәнібек халықаралық қорының Балқаш аймағындағы өкілі, ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері Бейсенбаев Шілікбай Құсайынұлы қатысып, қазақ даласында мәңгілік елдің ары мен намысын асқақ ұстаған өр тұлғалар өткені, сол баһадүрлер сапынан Ер Жәнібек ойып тұрып орын алатыны туралы тарихи деректер мен аңыздардан үзінділер айтты. Жүргізуші Искакова Р.Г. тұсаукесер кешіне қатысқан жастарға бүгінгі келіп түскен кітаптар көпшілік оқырманға жол тартқанын айтып, батырларымызды ұлықтау бәрімізге міндет екен деп қорытынды жасады.