02 Желтоқсан 2014
Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің №2 кітапхана-филиалында «Теңге ұлттық валютта» атты ақпарат слайд арқылы әңгіме өткізілді.
Мақсаты: оқушыларды ұлттық теңгенің шығу тарихымен таныстыру. Кітапханашы Еліміздің ұлттық валютасы теңгенің шығу тарихын әрбір Қазақстан азаматы білу тиіс екендігін және халықаралық экономикада, еліміздің қаржы саласында теңгенің маңызылығын атап өтті.
1992 жылы 15 қарашада еліміздің президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстан Республикасында валюта енгізу туралы» жарлыққа қол қойды. Оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында өткізілген сабаққа 14 бала қатысты. Оқушылар үлкен шабытпен қойылған сұрақтарға жауап беріп, белсене көзге түскен оқушылар болды. Кеш аясында кітап көрмесіне шолу жасалды.