02 Желтоқсан 2014
29 қарашада №5 балалар кітапхана-филиалында тұңғыш президент күніне арналған «Елбасы мәртебесі - ел мәртебесі» атты 5-6 сынып оқушылары арасында интеллектуалды ойын өтті. Ойынға 9 ойыншы қатысты. Балалардың жауап берген сұрақтары Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмірімен еңбек жолына арналды. 1 тур - «Бәйге», 2 тур - «Полиглот», 3 тур - «Жорға», 4 тур - «Дода» деп аталды. Барлық тур бойынша 6 сынып оқушылары Мейірханов Әлихан мен Рашидқызы Фариза ұпай саны бойынша тең түсіп, оларға қосымша тапсырмалар берілді. Қосымша тур «Чемпион» деп аталды. Соңғы айналым бойынша Рашидқызы Фариза тез жауап беріп, жеңіке жетіп, «Ең үздік ойыншы» деген атаққа ие болды. Кешке қатысқан барлық балалар дипломдармен, ескерткіш сыйлықтармен марапатталды.