24 Қараша 2014
Түрлі-түсті, мазмұнды, әр тарапты балалар басылымдары жасөспірімдердің жан-жақты тұлға ретінде дамуына барынша ықпал етеді. Мерзімді балалар басылымдарын таныту мақсатында №2 кітапхана-филиалының меңгерушісі М.А.Абилкасова «Оқы, парақта - әлемді таны» атты мерзімді басылдарға шолу өткізді. Балалар назарына: «Балдырған», «Айгөлек», «Ақжелкен», «А почему?», «Микки Маус», «Мурзилка» және тағы басқа журналдар ұсынылды. Олар кітапханашымен бірге журнал беттерінің ерекше тарихымен, айдарлардың мазмұнымен танысып, осы журналдарда жарияланған Ресейлік,Қазақстандық ақын-жазушылардың өлеңдері мен үзінділерін оқыды. Сонымен қатар балалар Елбасы Н. Назарбаевтың «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» халыққа жолдауымен танысты.