24 Қараша 2014
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына кезекті Жолдауын С.Сейфуллин атындағы орталық кітапхана ұжымы талқылады. Талқылауды кітапхана директорының орынбасары Сопина.Ж.К. бастап, кітапхана қызметкерлері Бухарбекова П.А, Ештанаева.А.К. Жолдау бойынша өз пікірлерін айтты. Кітапхана ұжымы Елбасының Жолдауын қарастыра отырып, «Жетістік кеңесе білген жерде, бірлік пен тірлік бар жерде, солай болғанда ғана» жалпы ұлттық идея қазақтың ұлттық шаңырағы Қазақстан құт пен берекенің ынтымақ пен ырысының ошағына айналмақ деген тұжырымға келді.