07 Қараша 2014
Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің №2 кітапхана-филиалында «Табиғатты қорғау» атты экологиялық сабақ өтті. Мақсаты: табиғатқа, туған өлкеге, қоршаған ортаға сүйіспеншілікте тәрбиелеу, табиғатқа қомқор бола білуге іскерліктерін дамыту. Табиғат әлемі адамзат жарық өмірге келісімен оның жан-дүниесімен бірге жаралып, жаратылысымен қайран қалдырған. Жылдар өте келе бұл құбылыстарды адам саналы және бір қалыпты қабылдайды, сонымен бірге адамның қоршаған орта әсемдігін көріп, сезіне білуі оның адамгершілік бейнесіне байланысты болуы. Табиғат – бүкіл тіршілік атауының алтын ұясы және аялы бесігі.
Ісшараның соңында оқушылар табиғат туралы өлеңдер оқып, әндер шырқап экологиялық тақырыптарға кітап, журналдармен танысты. Кеш соңында оқушылар белсенді қатысқандары үшін естелік сыйлықтармен марапатталды.