22 Қазан 2014
Балалардың экологиялық сана- сезімін қалыптастырып, ой- өрісін кеңейту мақсатында 17 қазан күні №2 кітапхана-филиалында кітапханашы Г.Саденова №16 орта мектеп оқушылары арасында «Адам өміріндегі орманның алатын орны» атты сұхбат жүргізді. Әңгіме барысында, балалар табиғат адамзаттың ең қымбат байлығы, оны аялау керек екендігін білді.
Адамдар орманға саңырауқұлақ теруге, жидек теруге немесе жай ғана серуендеуге жиі барғанымен, олардың көбісі табиғатты қалай қорғау керектігін біле бермейді. Орман ережесімен мектеп сабақтарында таныстырылған, тіпті ол қағиданы жатқа айтуға да болады. Бірақ, олар іс жүзінде осы білімдерін ешқашан пайдаланбайды. Сұхбат соңында балаларға саябақта, көлде, табиғат аясында, демалыс кезінде қолданатын арнайы жаднамалар таратылды.