17 Қазан 2014
XX ғасырдағы қазақ поэзиясын жаңа түр, тың мазмұнмен байытқан ақиық ақын, ірі мемлекет қайраткері, сарабдал жазушы, драматург, әдебиет зерттеушісі, көзінің
тірісінде-ақ аңызға айналған Сәкен Сейфуллиннің биыл 120 жылдық мерейтойы барлық қазақ жерінде аталып өтуде. Осыған байланысты Қоңырат мөлтек ауданында орналасқан №5 балалар кітапхана-филиалында «Ұмытылмас ұлы есім» атты әдеби кеш болып өтті. Кітапхананың оқу залында ақынның кітаптарынан кітап көрмесі ұйымдастырылып, өмірі мен шығармашылығына арналған слайд көрсетілді. Бұл шараға 7-8 сынып оқушылары қатысып, ақынның өлеңдерін жатқа айтып, әндерін шырқады.