16 Қазан 2014
Кескіндемеші, театр және кино суретшісі, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткері, қыл қалам шебері, «Құрмет белгісі», «Халықтар достығы», «Парасат» ордендерімен және өнерге қосқан өлшеусіз үлесі үшін «Тарлан» сыйлығымен марапатталған өнер иесі Гүлфайрус Ысмаилованың 85 жасқа толуына орай 16 қазан күні А.Гайдар атындағы орталық қалалық балалар кітапханасында «Өмірден өз орныңды таба біл» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Ұсынылған суретші туындыларының арасында қазақ өнерінің жұлдыздары Шара Жиенқұлова, Шолпан Жандарбекова, Бибігүл Төлегенова, Дина Нүрпеисова, Күләш Байсейітованың портреттері ерекше орын алды.