03 Қазан 2014
Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің №2 кітапхана-филиалы «Жақсылыққа ұмтылсын жанымыз» атты мейірімділік сабағын өткізді. Мақсаты: оқушылардың бойындағы адамгершілік қасиеттерін арттырып, имандылыққа тәрбиелеу. «Ақылды қария – ағып жатқан дария» деп тегін айтпаған. Асыл қарттарымыз – бәйтерек болса, біз соның – жапырағымыз. Кітапханашы оқушыларға адам өміріндегі ең игі істің бірі - қарап кісілерге қамқорлық, мейірімділік, түсіністік, сүйіспеншілік, жанашырлық, сыйластық таныта білуіміз керектігін үйретті. Қарттар күні – ұрпақтардың бірлігі мен сабақтастығының белгісі. Оқушылар слайд арқылы қария оқырмандардың өмірбаянымен танысты.