29 Қыркүйек 2014
2014 жылдың 26 қыркүйегінде №5 балалар кітапхана-филиалында Еңбек күніне қарсы мүмкіншілігі шектеулі балалар арасында «Еңбек бәрін жеңбек» атты мастер-класс өтті. Ісшарамыздың негізгі мақсаты - мүмкіндігі шектеулі балалардың бос уақытын көңілді өткізіп, еңбекке баулу. Балалар өз мүмкіндігінше әлеуметтік қызметкерлердің көмегімен жұмсақ балшықтан (пластелин), түрлі-түсті қағаздан бірнеше жұмыстар жасап, өздері « Менің сүйікті күшігім», «Күзгі жапырақтар» деп ат қойды. Кеш соңында балалар әртүрлі салаттар әзірлеуді үйренді.