29 Тамыз 2014
Еліміздегі Конституция күніне байланысты №5 балалар кітапхана-филиалында 29 тамыз күні 3-4 сынып оқушылары арасында «Сен және сенің құқығың» атты танымдық сағат болып өтті. Ата Заңымызға қатысты балаларға әр түрлі сұрақтар қойылды. Барлығы белсене қатысып, өз пікірлерін ортаға салды. Әсіресе, 4 сынып оқушылары қызығушылықпен барлық сұрақтарға, жағдайларға өздерінің ойларын айта білді. Кешімізді қорытындылай келе, әр бала өз құқығын білу керек. Әр азамат өмір сүруге, азаматтық алуға, оқуға, еңбек етуге, демалуға, спортпен шұғылдануға құқылы. Сондықтан, өз құқығымызды білейік, қадірлейік! деген ойға тоқталдық.