29 Тамыз 2014
Конституция күнін мерекелеу қарсаңында С.Сейфуллин атындағы орталық қалалық кітапханада 28 тамыз күні «Ата Заң айбыным» ақпарат сағаты өткізілді.
Кітапхана қызметкерлері ісшара қатысушыларына 1995 жылы 30 тамызда Бүкілхалықтық референдум нәтижесінде қабылданған Қазақстанның жаңа Конституциясының үлкен тарихы бар екені туралы әңгімелеп берді.
Қабылданғанына 19 жыл толған қазақ елінің Ата заңы бүгінге дейін жалғасып келе жатқан гуманистік ұстанымдарға негізделген демократиялық қоғамды құрудағы өзінің адал дәстүрлерін алдағы уақытта әрмен қарай жалғастыра бермек.
Ісшара барысында кітапхана қызметкерлерінің назарларына ақпараттық слайд-материалдары, бейнефильм көрсетіліп, көрмеге қойылған басылымдарға шолу жасалынып, викторина сұрақтары койылды.