29 Тамыз 2014
2014 жылдың 29 тамызында Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай №1 кітапхана-филиалының оқу залында «Өз құқығынды білесің бе?» атты викторина өткізілді. Оқырмандар викторина сұрақтарына жауап бере отырып, құқықтық мәдениетінің негіздерімен, қоғамдық қағидалармен, мемлекеттің басты құжаты – Конституциямен, оның мазмұны мен тарихи маңыздылығымен танысты.
«Мемлекеттің Ата Заңы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқырмандарға Қазақстан Республикасы тарихының келешегі мен болашағы туралы мағлұмат берілді.
Конституцияны білу, Ата Заңымызды құрметтеу, мемлекетімізде тең құқықты азаматтар болу – бұл кітапханашылардың өздерінің оқырмандарына, мектеп оқушыларына және жастарға берген үндеуі.