28 Тамыз 2014
Ақын Ақұштап Бақтыгерееваның 75 жас мерейтойы аясында «Жырымен әлдилеген ақ Жайығын» атты поэзия минуты 2014 жылдың 26 тамызында №5 балалар кітапхана-филиалында болып өтті. Кешті 8 «Б» сынып оқушысы Балнұр Қамбар ақынның туған жеріне арнап шығарған «Ақ Жайық» өлең жолдарымен ашты. Кітапхананың оқу залында ақынның кітаптарынан «Жайықтан алған шабытты» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кешке қатысқан балалар ақынның өлеңдерін үлкен тебіреніспен оқып берді. Оның өлеңдері туған жердің ой қырын, тал-терегін түгендеп шығады. Кеш соңы Айдана Мұратованың орындауындағы «Еділ мен Жайық» әні орындалып, Ақұштап Бақтыгерееваның «Оралдым, саған оралым» өлеңімен аяқталды.