28 Тамыз 2014
Кез келген мемлекеттің болашағы – білімді жастар. Көзі ашық, көкірегі ояу кез келген білімді ұрпақ өз Отанын даму жолында аянбай тер төгеді.
№4 кітапхана-филиалында ұйымдастырылған көрмеде жалын мен жігерді, ізденіс пен талпынысты талап ететін жастық шақта ел болашағы үшін еңбек ету әркімнің міндеті екенін ақпараттайтын материалдар мен кітаптар қойылған. Келешектің іргетасын қалау үшін, ең алдымен сол елдің жастарының саналы ұрпақ болып жетілуіне күш салу керектігін дәлелдейтін Бағдарламалар жинағы топтастырылған. Әрбір жастың алаңсыз, білім нәрімен сусындауына барынша жағдай жасалып жатқаны көрсетілген.
Н.Назарбаев: «Мен сіздерге – жаңа буын қазақстандықтарға сенім артамын....-деген цитата қойылған.
Кітап көрмесі 26 тамызынан 1 қыркүйекке дейін жалғастырады.