28 Тамыз 2014
Конституция күніне қарсы «Заңды білу – заман талабы» атты кітап көрмесі №4 кітапхана-филиалында ұйымдастырылған. Көрменің мақсаты – Конституцияның басты табыстарының бірі - адам құндылықтарын жоғары қоюында, оның өмірін, құқықтары мен бостандықтарын құрметтеуінде екені көрсетілген.
Бірінші бөлімінде - тарихқа жүгініп, «Қасымханның қасқа жолы», «Есімханның ескі жолы», «Жеті жарғы» және би-шешендердің өсиет сөздері бар «Қазақтың Ата заңдары» көп томдықтар қойылған.
«Жастар және заң» екінші бөлімінде - конституцияның өзгерістері мен толықтырулары және жастардың құқықтарына назар аудартылған.
Кітап көрмесі 26 тамыздан 30 тамызына дейін жалғастырады.