28 Тамыз 2014
Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің №2 кітапхана-филиалында «Ата Заң. Главный закон нашей жизни», Конституция күніне қарсы кітап көрмесі ұйымдастырылды. Мақсаты: жастарға Қазақстан Республикасы Конституциясы туралы терең білім беру, жеке адамның конституциялық құқықтары мен міндеттеріне құрметпен қарау. Кітап көрмесіне оқырмандардың құқықтарымен, міндеттерімен, азаматтық және еңбек Кодекстарымен, әкімшілік құқығымен және Қазақстан Республикасының басқа заңдарымен таныстыратын 20 кітап қойылды.