26 Тамыз 2014
С.Сейфуллин атындағы орталық қалалық кітапханада қаланың танымал адамдарымен кездесулерді өткізу дәстүрге айналды. 2014 жылдың 25 тамызында өткен «Менің қаламда – менің тағдырым» кезекті кездесу соғыс және еңбек ардагері Тотаев Хаденге арналды. 50 жылдан астам өмір жолы Балқаш қаласымен байланысты, мұнда жұмыскер кәсібін меңгеріп, 20 жылдан астам байыту фабрикасының уату цехында жұмыс жасаған. Байыту фабриканың жас жұмыскерлері Х.Тотаевтың жауынгерлік және еңбек жолы туралы әңгімелерін қызықтап тыңдаған. 90 жылдық мерейтойын мерекелеу қарсаңында келген кәсіподақ, ардагерлер кеңесінің өкілдері және «Живая память» хорының вокалды тобы, «Балқаш сазы» арнайы құттықтау сөздерін айтты.
Автоматизация секторының қызметкерлері Х.Тотаевтың өмірі мен қызметіне арналған флэш-галереяны жасап, келген қонақтардың назарына ұсынды.