14 Тамыз 2014
2014 жылдың 14 қыркүйек күні №1 кітапхана-филиалында ««Қолың ұста болса, шеберлігін танылсын» балалар арасында шығармашылық қолөнер байқауы өткізілді.
Сайыс қатысушылары өздерінің жасауларына таңдаған материалдарымен, тапқырлығымен таң қалдырды. Барлық жасаған жұмыстары көрікті және қызықты болды. Балалар өздерінің қолдарымен «Мурзилка» журналынан даяр дайындамаларын қиып, жабыстырып, түрлі-түсті қағаздардан және үйлерінен алып келген ескі журналдарын қолданып, оригами хатқалталарын жасады.
Сайыс қорытындысын шығарғанда достық жеңді деген шешім қабылданды. Ісшара соңында кітапханашы В.Смакова балаларға С.Қасимановтың «Қазақ халқының қолөнері», М.Ляукинаның «Бисер», Ә.Тәжімұратовтың «Шебердің қолы ортақ», «Искусство. Энциклопедия» және т.б. кітаптар ұсынды.