"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Аңдатпа

Мұрағат

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жаңалықтар

24 Шілде 2014

Оқырман конференциясы "Тұлғалы талант"


 «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында 2014 жылдың 17 шілдесі күні №5 кітапхана-филиалында С.Мұратбековтың «Жусан иісі» және «Басында Үшқараның» кітаптары бойынша оқырман конференциясы өтті. Кітапханашы оқырмандарды кітаптардың мазмұнымен таныстырды. Балалар «Жусан иісі» кітабының кейіпкері Аянның соғыс кезіңдегі балалық шағы, ауыр тағдыры, көрген қиыншылықтарына қарамастан жанында жүрген балаларға жаңа-жаңа әңгіме-ертегілерін ойынан шығарып айтқаны туралы, жусанның ащы иісі майданға аттанған әке-бауырларын еске алуымен байланыстырылғанын айтты.

«Басында Үшқараның» туындысында ғылым кандидаты Әсет  сегіз жылдан кейін қаладан туған ауылына қайтып келіп, өзі және өзгелердің көзқарасы өзгергені туралы түсінеді және оның алғашқы махаббаты туралы баяндалады.

Конференцияда қатысушылар сұрақтар қойып, өз ойларын ортаға салып, әңгімелерді қызу талқылады. «Жусан иісі» мен «Басында Үшқараның» туындыларынан үзінділер оқып, бас кейіпкерлерімен бірге сол ауыр  аштық жылдардың, әскери кезеңнің оқиғаларын басынан кешкендей болды. Оқырман конференциясының қорытындысын шығарғанда С.Мұратбековтың кітаптары жақсы мен жаманды ажырата білу, жақсыны дұрыс жағынан бағалау және әр жасаған қылықтарына жауапты болу керек екен деген ортақ ойға келді.

 

  

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика