21 Шілде 2014
Мысшылар күнін мерекелеу қарсаңында 2014 жылдың 18 шілде күні С.Сейфуллин атындағы орталық қалалық кітапханада «Өндірісте өркен жайған жанұя» атты танысу сағаты өтті. Өндірісте өркен жайған Елемесовтер әулеті, сонау 1966 жылдан бері қаламыздың өндірісінде жұмыс істеп, жанұя мүшелерінің еңбек өтілімін қосқанда 213 жылды құрайды. Кеш жергілікті авторлардың Балқаш туралы, комбинат және оның еңбеккерлері жайлы баяндайтын кітап көрмесімен басталып, Елемесовтер әулеті өздерін таныстырып, өнерлері мен шығармашылығын паш етті. Ісшарада слайд-материалдар мен бейне фильмдер көрсетіліп, оған қатысқан еңбек ардагерлері тілектерін айтып, кеш соңында Елемесовтер жанұясына кітапхана атынан кітаптар сыйға тартылды.