21 Шілде 2014
Оқушылар үшін ең қызықты мезгіл жаз айы екені белгілі. Жыл сайын А.Гайдар атындағы орталық қалалық балалар кітапханасы қызметкерлерлері әр мектеп жанында
жазғы сауықтыру лагерлеріндегі барлық бүлдіршіндерге арнап әр формада шаралар өткізіп, экскурсияға келген кішкентай оқырмандарды арнайы ұйымдастырған кітап көрмелерімен таныстырады.
Балалар әдебиеті — өз даму кезеңінде өзіндік тарихы бар сала. Жас буынның сана-сезімін оятып, ақыл-ойын дамыту, оларды адамгершілікке, отансүйгіштікке баулу мақсатында ұйымдастырылған «Балалар әдебиеті – ұлт әдебиеті» атты кітап көрмесінің «Алтын классика» бөлімінде қазақ балаларына арналып 2013 жылдан бастап ағылшын тілінен қазақшаға аударылып шыққан «Пинокио» (Родари), «Сұлу және құбыжық», «Ақшақар» (Андерсен) сияқты тағы басқа ертегілер топтамасы қойылды. Атақты адамдардың өмірін сондай нанымды, жанды баяндайтын «Әйгілі тағдырлар» бөлімінде «Клеопатра», «Ұлы Ескендір», «Леонардо да Винчи», «Христофор Колумб» т.б. кітаптармен танысуға болады. Қазіргі кездегі өзекті мәселе - бұл жанжақты дамыған, көп тілді меңгерген шығармашылық тұлғаны қалыптастыру. Осы орайда ұйымдастырылған «Үш тілдегі жинақтар» бөліміне балаларға жас ерекшіліктеріне сай «Наполеон», «Бәрінен де қымбатты», «Жыл он екі ай» т.б. көптеген кітаптар қойылды.