08 Шілде 2014
2014 жылдың 3-ші шілде күні №2 кітапхана-филиалында «Астанаға саяхат» атты викторина өтті. Мақсаты: туған жерге деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу, елордаға мақтанышпен қарап, туған өлкенің тарихына және мәдениетіне қызығушылығын дамыту. №17 мектеп жанындағы «Солнышко» лагері қонақ ретінде шақырылып, кітапханашылармен бірге Астана қаласына саяхат жүргізді. Астана-Бәйтерек, Ақ орда, «Атамекен» паркі, «Думан» көңіл көтеру орталығы, бейбітшілік және ынтымақтастық Сарайы - «Қалаға саяхат» атты слайд-материалдары көрсетілді. Ісшараның екінші бөлімінде балалар викторина сұрақтарына жауап берді. Соңында «Астана – айбынды ақ ордам» кітаптар көрмесіне шолу жасалып, белсенді қатысушылар марапатталды.