"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жаңалықтар

19 Маусым 2014

«Балаларға кітап оқытудың жаңа ойларын дамыту» облыстық көшпелі семинары


 

2014 жылдың 16-17 маусым күндері А.Гайдар атындағы орталық қалалық балалар кітапханасының  базасында «Балаларға кітап оқытудың жаңа ойларын дамыту» атты облыстық көшпелі семинары өтті. Семинарға – Қарағанды, Жезказған, Қарқаралы, Сәтбаев, Ұлытау,  Приозерск қалаларынан,  Шет ауданынан, Актоғай селосынан кітапханашылар қатысты.

Семинар балалар кітапханасымен танысудан басталды. Танысудан кейін Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Қ.Сабанбаева сөз сөйлеп, семинар қатысушыларына сәттілік тіледі.

Семинардың бірінші күнінде әр түрлі тақырыптағы баяндамалар тыңдалды. Ашып айтсақ, «Кітапханадағы жаңашылдық ойлар мен технологиялар» (Б.Курманова,  А.Гайдар атындағы ОҚБК меңгерушісі), «Оқырман балалармен қазіргі кезеңдегі жұмыс (кеңес) –   (Ж.Карипова, Абай атындағы ОБК инновациялық – әдістемелік бөлімінің  меңгерушісі),

«Кітапханада Балшықты-терапия» - «Керемет шеберхана» үйірмесі  жұмысының  тәжірибесінен ( Р.Нурышева, Жезқазған қ. ОКЖ, БЖК меңгерушісі), «Мүмкіншіліктері шектеулі балаларды жеке тұлға ретінде дамыту және әлеуметтік өмірге тарту» - «Күншуақ» клуб жұмысының тәжірибесінен  (Н.Хамиева, Қоңырат мөлтек ауданының №5 балалар кітапханасының кітапханашысы), «Кітапхана, бала, кітап – экологиялық соқпақ»  (М.Абилкасова, №2 кітапхана-филиалының меңгерушісі), «Үзіліспен оқу» кеңес (А.Шегебаева, Сәтбаев қ. БЖК абонемент бөлімінің кітапханашысы) сөз сөйлеп, жүргізілген ісшаралармен таныстырып, жаңа технологиялармен жасалған слайдтар көрсетілді.

Екінші күні С.Сейфуллин атындағы Орталық қалалық кітапханасына,

«Кітапхана – балалар сауық орталығы» (№5 кітапхана-филиалы), «Өскелең ұрпаққа – ұлттық тәрбие» (№4 кітапхана-филиалы) қала кітапханаларына таныстыру саяхаттары жүргізілді. Осы күні семинар қорытындысы шығарылды. Қатысушылар тәжірибе алмасып, өз ойларымен бөлісіп, семинардың мазмұнды, жоғары дәрежеде өткеніне ұйымдастырушыларға алғыс айтып тарқасты.

 

      

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика