19 Маусым 2014
14 маусым күні №4 кітапхана-филиалында «Дәрігер парызы» деген тақырыпта ақпарат күні өткізілді. Жастар арасындағы салауатты өмір салтын насихаттау, қалыптастыру, дұрыс тамақтану, зиянды әрекеттерден аулақ болу, дене белсенділігін арттыру, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау мақсатында сөз өрбітілді. Ақпарат күнінде студенттерге қаламыздың №1 поликлиникасының дәрігері, озық тәжірибиелі білгір маман Байғабылова Айткүл Боранбайқызы медицинадағы жаңалықтар, заманауи құрылғылары- мен жұмыс істейтін жас әріптестерінің еңбегін бағалап мақтан етті. Денсаулық – әр адамның өз қолында екенін баса айтты. «Жұлдыз» бала-бақшасының 5 жасар бүлдіршіні Балтабеков Рахат «Дәрігер» деген өлең оқып, қонағымыздың ақ батасын алып, жастарымызға М.Жұмабаевтың өлеңінде айтылғандай «Арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты мен жастарға сенемін» деп, ризашылығы мен тілегін білдірді.
«Дені сау ұрпақ – ел болашағы» кітап көрмесі таныстырылып, шолу жасалды. Кітапханашы Жанар Алиева «ХХІ ғасыр дерті» тақырыбында слайд-шоу ұсынды. Соңында сый-сияпат көрсетілді.