05 Маусым 2014
Патриотизмді дәріптеу және өскелең ұрпақты тәуелсіздік рәміздеріне сыйластықпен қарауға тәрбиелеу мақсатында 4 маусым күні №2 кітапхана-филиалында «Менің әнұраным, менің туым, менің Қазақстаным» атты танымдық сағаты өтті. Қазақстан үшін ең маңызды қадам - тәуелсіздік алуы мен жариялануы, мемлекеттік рәміздердің қабылдануы болды. Кітапханашылар балаларға Қазақстан Республикасының рәміздері – Ту, Елтаңба және Әнұран тәуелсіздік пен егемендігіміздің, халық бірлігі мен мемлекеттік биліктің белгісі екендігі туралы айтты. Ісшарада слайд материалдары көрсетіліп, қатысушылар сұрақтарға жауап беріп, өз білімдерін көрсетті. Соңында кітап көрмесіне шолу жасалынды.