"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жаңалықтар

03 Тамыз 2012

«Салауатты өмір салты» атты маман-дәрігермен кездесу.


align=left


2012 жылдың 31 шілдесінде  С.Сейфуллин атындағы қалалық орталықтандырылған кітапханада «Салауатты өмір салты» тақырыбында қаламыздың №3 емханасының терапевт-дәрігері Ботбаев Сейдулла Ахмедиұлымен кездесу болып өтті.
Оқырмандар тарапынан дәрігер-маманға  бірқатар сұрақтар қойылды. Дәрігер-маман кітапхана оқырмандарына адам үшін денсаулықтың басты байлық екендігін, сондай-ақ, салауатты өмір салтын ұстанудың қажеттілігі жайында ақыл-кеңес берді.
С.А.Ботбаев қаламызда салауатты өмір салтын насихаттаудың негізгі факторларын төмендегідей атап көрсетті:

  • экологиялық және тұрмыстық қауіп-қатер факторларын төмендету;
  • емделушілердің тұрмыс сапасын жақсарту;
  • жұқпалы аурулардың алдын алу;

Адам денсаулығы – қоғам дамуының басты байлығы.

Кездесу соңында оқырмандар салауатты өмір салтын сақтамай сау болу мүмкін еместігі жайында ой түйіп тарқасты.

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика