"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жаңалықтар

28 Наурыз 2012

Кітапхана қызметі туралы реферат қорғау


width=448

 

width=448

2012 жылдың 28 наурызында С.Сейфуллин атындағы қалалық орталық кітапханада әдістеме бөлімінің ұйымдастыруымен ОКЖ қызметкерлері дайындаған кітапхана қызметі туралы, әріптестерінің  иновациялық қызметтерімен танысу, таңдаған тақырыптары бойынша әдебиеттерді жүйелеу және оқу жолы бойынша өздігінен кәсіби білімін көтеру мүмкіншілігін туғызу мақсатында реферат қорғауы өтті.  
Байқаудың  саралау жұмысында: кітапхана ісі мамандары теориялық сұрақтар топтамасымен танысып, сондай-ақ баяндама барысында  қазіргі заманғы ақпараттық және компьютерлік технологияларды жетік меңгергендігін көрсетті. Кітапханашылардың әр түрлі тақырыптағы жұмыстары ақпараттық және тәжірибелік материал ретінде белгілі бір құндылыққа ие болды.
Рефераттарды қорғау барысында талдау жасалып, өз жұмыстарын әріптестерінің тәжірибелерімен салыстырып, алдағы шығармашылық қызметтерінің мақсаты мен міндетін анықтады. Олардың ішінде З.Оразалинаның «Нравственное воспитание и формирование культуры у детей», Н.Хамиеваның «Мүмкіншілігі шектеулі балалармен жұмыс»,  Д. Жарқымбекованың «Әлемге әйгілі кітапханалар»,  Б.Мухаметжанованың «Кітапханашының сөйлеу мәдениеті» атты шығармашылық еңбектері ерекше қызығушылық тудырды. Оларда балалар оқуының жүйелі  тәсілдері мен сондай-ақ  кітапхана мәртебесінің  маңыздылығы туралы ашып көрсетті.

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика