"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жаңалықтар

13 Наурыз 2012

Ойын-сайыс – «Ана біздің- күніміз, біз ананың гүліміз»


width=336

width=448

Көктемнің алғашқы айы  аналар мерекесімен басталатыны  баршамызға мәлім.  Осындай  көктемнің  алғашқы  мерекесін Қоңырат кентіндегі   №5  балалар  кітапханасы  аса  қуанышпен  қарсы  алды. 6- наурыз  күні   кітапханада 8- наурыз  халықаралық  әйелдер  күніне  арнап «Ана біздің- күніміз,  біз  ананың  гүліміз»  атты  ойын-сайыс  болып өтті.  Бұл сайысқа №25 мектептің 3-4 сынып  қыздарымен  мүмкіншілігі  шектеулі  балаларда  қатысты.  Қыздар   «Қыз жібек» , «Баян сұлу» болып  екі  топқа  бөлініп ана туралы сұрақтарға жауап беріп, «өнерлі өрге жүзер» сайысында өз өнерлерін көрсетіп, «көңілді аспаздар» ойыны бойынша  картоп аршудан сайысқа  түссе,  мүмкіншілігі  шектеулі  балалар  өз  өнерлерін  ортаға салды. Айнұр өзбек биін, ал Хадиша мен Олжас  орыс  биін  билеп  көпшіліктің  көңілін  көтерді. Кешке мүмкіншілігі  шектеулі  балаладың  ата-аналарыда  қатысып,  Темірбек Хадишаның  әкесі  сөз сөйлеп өз алғысын   жеткізді. Сайысқа  түскен қыздарға  әділқазылар өз бағаларын  беріп, соңынан  әкімшілік  қызметкері  Түсіпова   Меруерт  балаларды  құттықтап,  мерекелік  сыйлықтарын  табыс етті.

 

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика