"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жаңалықтар

27 Қаңтар 2012

«Өтті дәурен осылай» атты танымдық сағат өтті.


width=200

 С.Сейфуллин атындағы орталық кітапханада 2012 жылдың 26 қаңтарында  қоғам қайраткері, ұлтының ұлы перзенті Д.А.Қонаевтың 100 жылдық мерейтойына арналған «Өтті дәурен осылай» атты танымдық сағат өткізілді.
Д.А.Қонаев - аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, техника ғылымының докторы, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі. Д.А.Қонаев жарты өмірін Қазақстанды дамытуға арнаған, елді ширек ғасырдан астам  уақыт басқарған. Ол еліміздің экономикасын, мәдениетін өркендету жолында өзінің білімін, мол тәжірибесін және ұйымдастырушылық қабілетін аянбай жұмсаған адал да ардақты азаматы еді. Іс – шарамыздың басты мақсаты аса көрнекті мемлекет қайраткері Д.А.Қонаевтың жарқын бейнесімен таныстырып, ерен еңбегін  келешек ұрпаққа үлгі ету.
width=200 Аталмыш іс-шарамызға қалалық  ардагерлер қоғамының төрағасы С.К.Каукербек, қалалық тарихи-өлкетану мұражайының аға ғылыми қызметкері Д.А.Қожақов қатысып, Д.А.Қонаевтың өмірі, Балқаш қаласында басталған еңбек жолымен, қазақ халқына сіңірген еңбегі жайында ол кісінің адалдығын, тазалығын арқау ете отырып қызықты әңгіме өрбітті. Сонымен қатар іс-шарамызға мектеп оқушылары мен колледж студенттері тыңдарман ретінде қатысып, Д.Қонаев жайында деректі фильмді тамашалады.

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика