"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жаңалықтар

16 Қараша 2011

«ХХІ- ғасыр індеті» ашық әңгімелесу


2011 жылдың 15-қарашасында С.Сейфуллин атындағы орталық кітапханада «ХХІ- ғасыр індеті» тақырыбында Балқаш қаласы бойынша ЖИТС-ке қарсы күрес орталығының маманымен оқырман қауым арасында ашық әңгімелесу болып өтті. Осы іс-шараға аталған орталықтың эпидемиолог-дәрігері Аманкулова Виолетта Шамшитовна мен қаламыздағы №2, №4 кәсіптік лицейлердің студенттері қатысты.  
Отырыс барысында бейнеролик көрсетіліп, ЖИТС-тің қандай қауіпті ауру екендігін, оның қандай жолдармен тарайтынын, дерттің алдын-алу, онымен күресу туралы кеңес бере отырып, тыңдармандармен екі тілде сауалнама жүргізіліп, ойын-тренингі өткізілді. Ойын-тренингіне оқушылар белсене қатысып, өз жауаптарын қағазға жазып, қорапшаға салды. Соңынан жауаптары оқылып, сарапқа салынды.
Іс-шарамызды қортындылай келе, «Адам азса- заман тозады» дегендей оны жаңарту да, құрдымға құлдырату да өзімізге байланысты.
Саналы адамзаттың көздеген мақсаты есірткі мен ЖИТС- ауруына қарсы тұру, қоғамға ел болашағына нұқсан келтіртпей, азамзаттың, қоғамның саулығын қорғау болуы керек.
Денсаулық - бірдің ғана емес, мыңның байлығы және баршаға ортақ байлық.
 

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика