"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жаңалықтар

20 Қазан 2011

«Халықтың рухани үндестігі» атты кездесу


width=2002011 жылдың 19 қазанында С.Сейфуллин атындағы қалалық орталық кітапханада Ұлтаралық келісім күніне байланысты «Халықтың рухани үндестігі» атты қаламыздың Орталық мешітінің бас имамы Аманжолов Марат Құрбанбекұлымен кездесу өтті.
Қазақстанда тұратын ұлттар мен ұлыстар бір шаңырақтың астында тату-тәтті өмір сүруде. Осының бәрі Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың көрегенді саясатының қоғамдағы азаматтық ынтымақтастық пен ішкі саяси тұрақтылықты сақтау стратегиясын дұрыс таңдап, ұлтаралық қатынастарды реттеудің тиімді тетіктерін жасай білуінің арқасында мүмкін болуда. width=200
Бұл іс-шараға қаламыздағы «Болашақ» колледжі, №9, 8 орта мектеп оқушылары қатысып, кездесу барысында қаламыздың бас имамына көкейлерінде журген сұрақтарын қойды, дәстүрлік ислам мен  экстремистік қауымдастық арасындағы қарама-қайшылықтарды, жастардың хиджап киюін т.б. Бас имам Марат Құрбанбекұлы жастарға секталардың азғыруына көнбей сұрақтарын орталық мешітке келіп сұрау керегін айтты. Кездесу жүргзушісі имамға алғысын білдіріп, жас ұрпақты еліміздің даму үшін достық пен тыныштықта өмір сүруге шақырды.

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика