10 Қазан 2011
7 қазан С.Сейфуллин атындағы қалалық орталық кітапханада Қ.Аманжоловтың 100 жылдық мерейтойына арналған «Қасымның ғасыры» атты жыр кеші өтті.
Кеште Алаштың ақиық ақындарының бірі емес, бірегейі, дауылпаз ақын Қ.Аманжоловтың еркіндікке ғашық, бостандыққа құштар, азаттықты аңсаған ақын екендігі сөз болды.
Қ.Аманжолов өлеңдерін ақын Әбіл Кәріпбайұлы, кітапхана ардагері Қамбарова Бақыт Арынқызы, журналист, ақын Нұдос Кәрім, жас ақындар Мақсат Күземханов, Еркебұлан Мүбарак, мәдениет сарайының әртісі Утенова Меруерт, колледж студенттері Жанпеісов Ерғұлан, Алихан Сымбат және т.б. ерекше сүйіспеншілікпен, ыждаһатпен оқыды. Кешті ақнның өлеңдеріне жазған әнмен әшекейлеген:№2 Абай атындағы лицейдің саз мұғалімі Қожамбаев Қуат, Қ.Аманжолов әндері мен өлеңдеріне жазылған ән фестиваліне қатысқан Құнарбекова Аққыз бен гала – концертке қатысқан Заятқажы Мейрамбек, Ә.Мусин атындағы Балқаш гуманитарлы – техникалық колледжінің студенті Жанғұтов Дамир. Сонымен қоса жыр кешіне арнайы «Қазақтын дауылпаз ақыны» атты презентация, кітап кормесі қойылды.
Жиналған жыр сүйер қауым ақын Қасымның есімі қазақ халқының қара өлеңі тұрғанда еш өшпейтініне, еш өлмейтініне, ғасырдан –ғасырға , ұрпақтан – ұрпаққа мирас болып қала беретіндігіне көздері жетіп, сеніммен тарқасты.