"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жаңалықтар

19 Қыркүйек 2011

«Көкше көлді тербетеді өлең – жыр» поэзия сағат.


width=1502011 жылдың 16 қыркүйегінде С.Сейфуллин атындағы қалалық орталық кітапханада қала күніне арналған  «Көкше көлді тербетеді өлең – жыр» атты поэзия сағаты өтті.
Поэзия сағатының мақсаты қаламыздың жеткіншек жастарын, мектеп оқушыларын өз жерінің тарихымен таныстыру, туған өлкесі мен жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру, қадірлеп – қастерлеуге үйрету.width=150
Поэзия сағатында Балқаштың тарихы, Балқаштың көркеюіне өз күштерін аямай тер төккен құрметті азаматтары жайында мағлұматтар берілді. Сонымен қатар, тәуелсіздік алғаннан бергі 20 жыл ішіндегі қаланың әлеуметтік, мәдени, саяси жағынан жеткен жетістіктері жайлы хабардар етілді.
Поэзия сағатында «Қазақмыс» корпорациясы мен «Болашақ» колледжінің студенттері, М.Русаков атындағы №2 интернат оқушылары  жергілікті ақындарымыз Ә.Кәріпбайтегінің, Ж.Башардың, О.Мәмбетаевтың, К.Бекмағамбетовтың өлеңдерін оқыды.

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика