"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жаңалықтар

27 Тамыз 2011

«Полигон жаңғырығы және ядролық қарусыз әлем» дөңгелек үстелі.


/

     2011 жылы Семей полигонын жабу жөніндегі ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 1991 жылы 29 тамызындағы Жарлығына 20 жылдығын тойлайды. Осыған орай  26 тамызда С.Сейфуллин атындағы орталық қалалық кітапханада  «Полигон жаңғырығы және ядролық қарусыз әлем» атты дөңгелек үстел болып өтті.
Ядролық сынақтар халыққа үлкен қайғы мен экологиялық күйзеліс ала келген әйгілі орындардың бірі  Семейдің тағдыры ешкімді бей-жай қалдырмасы анық.
Осы полигонның адам денсаулығына келтірген ұшан-теңіз зияны, радиациядан уланған ауа және сынақтарды тоқтату үшін Кеңестер Одағынан тайсалмай қарсы шыққан, О.Сүлейменовтың басшылығымен «Невада - Семей» халық қозғалысы жөнінде сұрақтар қойылып, талқыланды. Іс-шараға қатысушыларға Семей ядролық полигонының Қазақстан халқына көптеген қайғылы оқиғаларды әкелгені туралы деректі фильм көрсетілді./
Бұл іс-шараға қаламыздағы эколог Айнабекова Күләш Қайыркенқызы, тарих пәнінің мұғалімі Әбдіғаппарова Үміт Сейітжанқызы, №3 поликлиниканың терапевт-дәрігері Жақыпбаев Әділқадыр Тұрсынұлы, педагогика ғылымдарының докторы Бейсембаева Зәмзәмия, сонымен қатар қаламыздың патриот жастары – «Жас Отан» ХДП «Нұр Отан» жастар қанатының атқарушы хатшысы Жанпейісов Ерғұлан, Балқаш гуманитарлық-техникалық колледжінің студенттері Әлімжанова Арай, Құлбек Абай қатысып.
XXI ғасырда біз  Семейді ұмытпауға тиіспіз. Семей – символ, әрі қайғылы шындық дей келе, пікірлерін аяқтады.

 

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика