"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Сіз жасанды интеллекті қаншалықты білесіз?

Жаңалықтар

29 Шілде 2011

«Журнал әлемі» ақпарат күні


Жазғы демалыста балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, кітаптан қол үзбей, жүйелі түрде оқу дағдысын қалыптастыру мақсатында 2011 жылдың шілде айының 27-шы жұлдызында №1 кітапхана-филиалында «Журнал әлемі» атты тақырыпта ақпарат күні болып өтті. Мақсаты: журналдарды дұрыс қолдану, танысу және оқырман қызығушылығын арттыру. Кітапханашы Амерханова К.С. оқырмандарды балаларға арналған «Айгөлек», «Бала-би», «Мөлдір бұлақ», «Балдырған», Ресей баспасынан шыққан  «Микки Маус», «Мурзилка» журналдарымен таныстырды. Әсіресе «Айгөлек» журналын алсақ –  ақын апалармен сыр-сұхбаттар алынады, балалар да кішкене шығарма тақпақтарын жазып жібереді, сол шығармалардан кішкене үзінділер оқылды. «Балдырған» журналында «Кімнің ұшқыр ойы?» айдары бойынша бүлдіршіндер спорттық жұмбақтарды шешті. Аталмыш шараның соңында оқырмандар өздерінің сүйікті журналдары мен жаңадан танысқан журналдар туралы ой-пікірлерімен бөлісті.

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика