"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жаңалықтар

07 Шілде 2011

«Балалық шақ әлемі – қандай ғажап!»


src=/media/1_(11946).jpg «Жаз, кітап, мен – доспыз!» жазғы оқу бағдарламасының  аясында А.Гайдар атындағы балалар кітапханасы  балаларды кітап оқуға талпындыруға, оқырманның ой-өрісін кеңейтуге, әдеби-шығармашылық қабілетін дамытуға, сондай-ақ  балалардың бос  уақытын тиімді әрі қызықты өткізуіне шаралар ұйымдастыруда.
04.07.2011 жылы аулалық  «Жаз, кітап, мен -доспыз» бағдарламасы аясында,  «Балалық шақ  әлемі – қандай ғажап!» тақырыбында ойын-сауық сағатын өткізді. Ойынға қатысқан 2 топ өздеріне ат қойып, сайыста белсенділік көрсетті. Балаларға қызықты сұрақтар қойылып, түрлі ойындар ойнатылды. Әсіресе «Әріп таңдау», «Арқан тарту» және «Қыстырғыш» ойындарын балаларды қызықтырды. Сол шараға қатысушы бүлдіршін Данияр: «Бұл ойын-сауық маған қатты ұнады, мен мұнда  балалармен достасып, көп жаңа кітаптармен, ұлттық ойындармен  таныстым. Осындай шаралар көп бола берсе  біз уақытты қызықты өткіземіз»- деп, өз көңілімен бөлісті.

src=/media/2_(11947).jpg  src=/media/3_(11945).jpg

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика